Қазақстан Республикасы президенті Қ.К. Тоқаевқа.
Біз, Талдықорған қаласы және Алматы облысы тұрғындары, өңірімізде болып жатқан келеңсіз жағдайды жеткізгіміз келеді.

Өңір белсендісі Қайрат Абдрахмановқа полиция тарапынан асыра сілтеу және қысым көрсетілуде. Қайрат Абрахманов "Талдыкорганец паблигі" арқылы Талдықорған қаласының, Алматы облысының мәселелерін көтеріп, қоғаммен және билікпен бірге ондаған жыл белсенді атсалысуда. Әрине бұндай белсенділік полициядағы және атқарушы биліктегі кейбір "пысықтардың" көңілінен шықпайтыны анық.
Бүгінде Қайрат Абрахманға ақпарат беруде кеткен қателігін пайдаланып, полиция тарапынан, біздің ойымызша асыра сілтеу орын алуда.

Азаматтық істі асыра сілтеп Қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр. Сонымен қоса сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде полиция қызметкерлері, Қайраттың бас бостандығы мен құқығын шектемек.

Біз, осы петицияға қол қоюшылар, бұндай заңды бұрмалау мен белсенділерді қысымға алумен келіспейміз!

Барынша қоғам болып белсенділерімізді қорғаймыз!
Қанды қаңтардағы оқиғадан Талдықорған полиция қызметкерлері ешқандай сабақ алмағанына көзіміз тағы жетіп тұр.

Құрметті президент!
Алматы облысы полициясы мен билігінің әрекеттерін осындай істер арқылы бағалауға болары анық.

Осылай Жаңа Қазақстан құруға болмайды!

Осы мәселеге назар аударып, оң шешімін табуға ықпал етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен, осы петицияға қол қойған Алматы облысы тұрғындары және Қайрат Абрахманды қорғау штабы.

Қайрат Абрахманды қолдау петициясы!
АТЫ-ЖӨНІҢІЗ:
ТЕЛЕФОН НӨМІРІҢІЗ: