Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің ОТСТАВКАСЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
СЕБЕБІ:

1. Президент тапсырмасы, атап айтсақ, жем-шөп экспортын енгізіп, бағаны тұрақтандыруды орындаған жоқ;

2. Маңғыстау облысына Президент тапсырмасымен бөлінген қаражаттың 1,9 млрд теңгенің толық игерілуіне жағдай жасаған жоқ. Маңғыстауда мал шығыны үлкен жылдамдықпен жалғасып жатыр;

3. Президент министр Қарашөкеевті жаңа қызметке тағайындағанда: "Әрбір жаңадан тағайындалған министр жаңадан БАҒДАРЛАМА ЖАСАУДЫ ТОҚТАТСЫН" деген еді. Мемлекет басшысының бұл сөзін жаңа министр жер тастап, әр салада астаң-кестең шығарып, шикі бағдарламалар жасауға көшті. Бұл ретте әр сала мамандары мен эксперттердің пікірі ескерілген емес;

4. Президент тапсырмасы, атап айтсақ "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" заң жобасы ауылдың дамуына емес, ауылдағы малдың басын шектеу арқылы керісінше оның құлдырауына апаратын құжат ретінде дайындалды. Ол бүкіл елдің наразылығын туғызып жатыр;

5. Президенттің ветеринария саласын күрделі реформалау жөніндегі тапсырмасын орындауда салғырттық танытты. Дайындаған заң жобасы кәсіби мамандар ортасында қолдау тапқан жоқ әрі нақты жүйелі проблеманы шешуге бағытталмағаны анықталды. Ұсынылған жобадан реформаның иісі де шықпайды. Жылдар бойы қалыптасқан проблемаларды тек айлық көтеру арқылы шешіп тастау мүмкін емес!

6. Президент тапсырмасы негізінде жасалған "АШМ 2021-2025 жылғы дамуының ұлттық жобасы" бағдарламасы сала мамандарымен, "Атамекен" ҰКП 2021 жылы экс-министр Сапархан Омаровпен сәуір айында талқыланды. Бірақ сол бағдарлама түбегейлі талқыланбай, АШМ біржақты қабылдауға шешім шығарды;

7. Құзырлы органдар тарапынан жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес салдарынан қазақ шаруаларының атына үлкен нұқсан келді. Белгілі-белгісіз қара ниетті топтар қарапайым шаруалар қауымына теріс пиғылмен қарауды қалыптастырып жатыр. Ақпараттық кеңістікте қазақ шаруасының абыройын қорғауға министр Қарашөкеевтің қауқары мен жігері жетер емес. Бір өкінішітісі, осындай өтпелі кезеңде еңбек адамдарына министрлік қорған бола алмай отыр. Бүгінгі таңда қазақ шаруалары кім-көрінгенге жем болды;

8. Бүгінгі күнге дейін министр Қарашөкеев өңірлерде мал өсірушілермен бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Сонымен қатар, 30 жылда тұңғыш рет Елордада ұйымдастырылған Қазақ шаруаларының Ұлттық құрылтайына ресми шақырылса да, не өзі, не бір жауапты маманы қатысқан жоқ;

9. Министр Қарашөкеевтің аталмыш сала бойынша білімі мен тәжірибесі аз. Сондықтан маңына 30 жыл бойы ауылшаруашылығын құлдыратқан ескі кеңесшілерді жинап (Төлеутай Рахымбеков сынды) алып, агросаясатқа жаңа бағыт, жаңа серпін бере алмады;

Қорыты айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларын орындай алмаған, жұмысты тиісті түрде үйлестіре алмаған, шаруалардың абыройына қорған бола алмаған, сала мамандарының пікірін елемеген.
Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкасын ТАЛАП етеміз!


Құрметпен,
Алмабсек Садырбаев және "SHOPAN ATA" қауымдастығы
ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
ҚР ҚАЙ ӨҢІРІНЕНСІЗ?
СІЗДІҢ ПІКІР БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!